Иран сыртқы істер министрі Италияға бармайды

Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки осы аптада Италияда өтетін Сегіздік тобының саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді. Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини Ираннан Триест қаласында өтетін басқосуға қатысты жіберілген шақырту қағазына жауап беруді сұраған болатын. Маусымның 25-де басталатын саммитте Ауғанстан мәселесі талқыланбақ.

ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Моттаки Италияға сапар жасауды жоспарлап отырған жоқ.

Маусымның 12-дегі даулы сайлауға байланысты Батыс пен Иран арасындағы теке-тірес шиеленісе түсті.