Израиль президенті Қазақстан басшысын өз еліне шақырды

Израиль президенті Шимон Перес Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Израилге шақырды.

«Мүмкіндігімді пайдалана отырып, Нұрсұлтан Назарбаев бізге үшінші рет сапармен келсе Израиль мемлекетінің оны қуана қабылдайтынын айтқым келеді. Екі ел халқының арасындағы достастық жағасын табады деген үміттемін», — деді Израиль президенті.