Бакуде үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң қабылданбады

Әзірбайжан парламенті депутаттары ол ұйымдарға көптеген тыйымдар салатын заң жобасын қолдамады. Ол жоба бойынша үкіметтік емес ұйымдар елдегі әкімшілік аудандардың үштен бірінде тіркеуде болып, сондай-ақ олардың шетелден көмек алуына тыйым салынар еді. Бұл заң жобасы елдегі 2500-дей үкіметтік емес ұйымдардың жабылуына алып келеді, дейді наразылық танытушылар.