Астана құрылыс департаменті директорының бұрынғы орынбасары 7 жылға сотталды

Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың мәліметінше, Астана құрылыс департаменті директорының бұрынғы орынбасары Юрий Ярош 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Юрий Ярош мемлекеттік сатып алу кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, мемлекетке 168,1 млн теңге зиян келтірді деп айыпталған.

Сондай-ақ осы департаменттің жетекшілері Асқар Нұрмағамбетов және екі бөлім бастығы Мұстафаев пен Махметовтерге қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Қазір оларға қатысты іс айыпталушыларды сотқа беру бермеу мәселесін шешу үшін прокуратураға тапсырылды.