Мьянмаға сапармен барған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун әскери үкіметті қамауда отырған саяси тұтқындарды, оның ішінде оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжиді босатуға көндіреді.
Пан Ги Мун Янгонға жеткен соң, Мьянма соты үйқамақ тәртібін бұзған делінген Су Чжидің сотын 10 шілдеге дейін кейінге қалдырды.
Су Чжиге қарсы бұл сотты халықаралық бақылаушылар айыптап келеді.
БҰҰ-ның бас хатшысы хунта жетекшісі генерал Тан Швемен келіссөздер өткізеді деп күтіліп отыр. Бірақ әскери басшылық бас хатшының Нобель сыйлығының лауреаты, соңғы он жылдай өмірін үйқамақта өткізген Су Чжимен кездесуіне жол бере ме, жоқ па белгісіз.