Сирия президенті Башар Ассад 4-ші шілде Американың тәуелсіздік мейрамына байланысты АҚШ президенті Барак Обамаға достық жолдауын жіберді.
Ассад сонымен қатар Обаманың Сирияға келгенін қош көретінін айтқан. Сириялық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, шілденің 4-іне арналған құттықтауында президент Ассад Обаманың сайлау алды науқан мен президент болғаннан кейінгі жасаған маңызды шаралары әлемге бүгінгі таңда қажет болып отырған құндылықтар деді.
Британиялық Sky News телеарнасында Сирия президенті Таяу Шығыста бейбіт жағдай жасауды талқылау үшін Обаманы Дамаскіге шақырды.
Обама әкімшілігі де Сириямен ашық диалогқа қадамдар жасап отыр. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш Сирияны Иран және Солтүстік Корея елдерінің қатарына жатқызып келген.