Британия: Иран елшіліктің бір қызметкерін босатады

Бүгін Иран Британ елшілігінің қамаудағы екі қызметкерінің біреуін босатады. Бұл туралы Британияның сыртқы істер хатшысы Дэвид Милибэнд хабарлап отыр.

Иран сайлаудан кейінгі шерулерге қатысы бар деп, Теһрандағы Британ елшілігінің 9 қызметкерін қамауға алған болатын. Кейін олардың сегізін босатқан. Министр Милибэнд BBC-ге айтқанында, Теһрандағы елші қамалғандардың сегізі ешқандай айып тағылмастан шығарылады деп айтты деді.

Британия сыртқы істер мекемесінің басшысы ирандық әріптесімен кездесіп, қамауда қалған елшіліктің бір қызметкерінің мәртебесі туралы сөйлеспекші.