Оппозиция белсенділері Мәскеуде ереуіл өткізеді

Мәскеуде оппозициялық қозғалыстардың белсенділері сотталған оппозиция өкілдерін қолдау мақсатымен бүгін кешкісін ереуіл өткізеді.
«Солидарность» қозғалысының үйлестірушісі Анна Каретникова мәлімдегендей, ереуілге қатысушылар Красноярск қаласындағы қатаң тәртіпті колонияда көз жұмған оппозициялық «Другая Россия» - «Өзге Ресей» коалициясының мүшесі Рим Шайгалимовты еске алады. Шайгалимовтың үзеңгілестері мен туыстары түрмеде оны азаптап өлтірді деп есептейді.

Ереуілге шыққандар түрмеде отырған басқа оппозиция белсенділерін, оның ішінде Якутиядағы кәсіподақ лидері Валентин Урусовты босатуды талап етпекші. Ереуілге «Солидарность» және «Біріккен азаматтық майдан» қозғалыстарының 50-ге тарта белсендісі қатысады.