Барак Обама Мәскеуге келді

Дүйсенбі күні АҚШ президенті США Барак Обама ресми сапармен Мәскеуге келді. Осы күні Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөзге отырып, АҚШ пен Ресейдің екі жақты қарым-қатынасы мәселелерін, Иран, Ауғанстан және Солтүстік Корея сынды аса өзекті халықаралық проблемаларды және энергетикалық қауіпсіздік тақырыбын талқылайды.

Стратегиялық шабуыл қаруы бойынша жаңа келісімді әзірлеу мәселесі – екі жақты келіссөздің бірден-бір маңызды тақырыбы болмақшы.
АҚШ президенті премьер-министр Владимир Путинмен де келіссөз жүргізеді және Ресей оппозициясының өкілдерімен кездесуді де жоспарлап отыр.

Барак Обама Мәскеуге зайыбы Мишельмен және 2 қызымен бірге ұшып келді.