Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы грузин тіліне аударылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Эпицентр мира» атты кітабы грузин тіліне аударылып, 600 данамен Тбилисиден басылып шықты, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Тұсаукесері Астана күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай өткізілген кітаппен бірге «Астана» деп аталатын Қазақстан астанасының құрылысымен таныстыратын грузин тіліндегі кітапша да шығарылды.