«Алматы құрылыс» компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын «Серт» акционерлік қоғамының «Жайлы» тұрғын үй кешенінің үлескерлері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Серт» АҚ –ның басшысы Амангелді Ермегияевтің жауапқа тартылуын талап етіп ашық хат жолдады.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, үлескерлер бұл қадамды соңғы саты деп қарастыруда, себебі бұған дейін қабылданған шаралардан еш нәтиже шықпады дейді олар.
«Жайлы» тұрғын үй кешені Алматы қаласының Тастақ 2 ауданында орналасқан. Ондағы бөлмелер эконом класқа арналып, қара сылағымен берілетін болған.
Алғашқы кезектегі үлескерлер баспаналарын 2007 жылдың 1 тоқсанында алады деп уәде берілгенімен, бүінгі күнге дейін құрылыстың 90 пайызға жуығы ғана салынған. Ал қалған екінші және үшінші кезектегілердің үйлері қашан қолдануға берілетіні белгісіз. 3 жыл бойы үйлерін күтіп шаршаған үлескерлер баспаналарды бітіруін немесе қаражаттарын қайтаруын талап етіп отыр.
Бірінші және екінші кезектегі үлескерлер 100 пайыз пәтер ақысын төлеген, ал үшінші кезектегілердің аз бөлігі қалған, бастапқыда 1 шаршы метрі 630 АҚШ долларынан сатылған пәтердің бағасы бір жарым жыл ішінде 900 долларға дейін көтеріліпті.
Президентке жолдаған ашық хатта үлескерлер аталмыш құрылысты қадағалауды сұрап, «құрылысшыларға қылмыстық немесе өзге де жазаларды сұрамаймыз, себебі сіздің сөзіңіз мемлекетте онсыз да үлкен күшке ие» деген.