АҚШ келесі жылы ядролық қауіпсіздік жөнінде саммит өткізбек. Бұл туралы Италиядағы «үлкен сегіздіктің» жиынында Ақ үй басшысы мәлімдеген. Аталған саммитті 2010 жылдың наурыз айында Вашингтонда өткізу жоспарланған, — деп хабарлайды Associated Press.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Марк Липперттің мәліметінше, жақын уақытта Б.Обама 25-30 мемлекеттің басшыларына арнайы шақырту жібермек.
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ақ үй басшысы ядролық технологияның «қара нарығымен» күрес, ядролық терроризмнің алдын алу, әлсіз радиоактивті материалдар қорын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.