Лукашенко ЕО-пен арадағы диалогқа дайын, бірақ...

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елі «Ресей мен Еуропа арасындағы көпірдің рөлін атқаруға тиіс» деп санайды. Аустрияның Die Presse газетіне берген сұхбатында Лукашенко осылай деп мәлімдеді. Ол Минскі мен Брюссель арасындағы пікіралмасудың қайта жалғасуына ризалығын білдірді.
Сонымен бірге беларусь лидері ЕуроОдақтың, оның өз сөзімен айтқанда, «демократияға қатысты талап-шарт қоятынына» қынжылады. Лукашенко «Беларусь пен Еуропадағы демократияның арасынан үлкен айырмашылықты көрмей отырғанын» атап көрсетіп, өз елінде саяси тұтқындардың болғанын және қазір де барлығын теріске шығарды.
Өткен мамыр айында бұрынғы советтік республикалардың бесеуі мен Беларусь ЕуроОдақтың «Шығыс әріптестігі» бағдарламасына қатысуға шақырылды.