Қазақстан ұшақтарының бірқатарына Еуродақ аумағынан ұшуға тиым салынды

Ұшақтарына Еуродақ аумағынан ұшуға тиым салынған компаниялардың жаңартылған «қара тізіміне» Қырғызстан мен Қазақстанның барлық әуе тасымалдаушылары енгізілді, қазақстандық әуе компанияларының ішінде штаб-пәтері Алматыда орналасқан «Эйр Астана» ғана бұл тізімнен тыс қалған.

Сонымен бірге «Эйр Астана» ұшырылымына шектеу қойылған әуе тасымалдаушылардың тізіміне кірген. Бұл «қара тізімге» Украинаның 4 компаниясы да қосылды, — деп хабарлайды Lenta.ru.

Еуродақтың әуе кеңістігінде ұшуға Бенин, Конго демократиялық республикасы, Экваторлық Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне, Свазиленд королдігі, Замбия елдерінің ұшақтарына толығымен тиым салынған.