Ресмилердің айтуынша, Шешенстанда көтерілісшіл жасақтармен болған қарулы қақтығыста ресейлік екі әскер мен екі полиция қызметкері қаза тапты.
Ресейдің ақпарат агенттіктері хабарлағандай, Шешенстанның Шали ауданындағы қауіпсіздік операциялары кезінде 15 шақты бүлікші торуыл жасаған.
Сәуір айында Мәскеу шешен президенті Рамзан Қадыров билігі кезінде біраз тұрақтылық орнады деп Шешенстандағы қауіпсіздік режимін алып тастаған.
Бірақ елдің бірқатар аудандарында қауіпсіздік операциялары жарияланып, адам құқын қорғаушы топтар Қадыровты көтерілісшілерді басу үшін қатал әдіс-тәсілдерді қолданып отыр деп сынаған.