Қолына балта сілтеген Т.Ахметовтің сүйегі аман қалды

Бүгін Алматылық кәсіпкер Таһиржан Ахметов журналистер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің алдында өзінің екінші саусағын кесуге бел буды. Өз қолына балта сілтеген оның саусағы кесілгенімен, сүйегі аман қалды.

Осыдан бір жыл бұрын сот орындаушыларының әрекетіне наразылық белгісі ретінде Таһиржан Ахметов шынашағының бір буынын кесіп тастағанын болатын.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Таһиржан Ахметов үш жылдан астам уақыттан бері бұрынғы әріптесі Нұрғайша Қарабасовамен соттасуда, мейрамхана бизнесін бірге бастаған кезде Ахметов ортақ жоспарды іске асыру үшін өзінің пәтері мен шағын дүкенін сатқан.

Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі кәсіпкерді райынан қайтарып, берген уәдесін орындағанда Таһиржан Ахметов пайданың 50 пайызын иеленуге тиіс болатын, ал серіктесі оған 4 миллион теңгеге жуық (шамамен 27 мың доллар) ақша төлеуі керек.