Кәрім Мәсімов Оңтүстік Кореяда жүр

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Корея Республикасында ресми сапармен жүр.

Сеулде жүзеге аспақ келісөздердің басты мазмұны екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мен 12-14 мамырдағы Корей Республикасының президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезіндегі қол жеткізген уағдаластықтарды нығайту мәселелерін қамтиды.

Қазақстан үкіметі басшысының Оңтүстік Кореяға сапары 19 шілде күні басталды.