Түркияда 2 генералдың соты басталды

Биліккке қарсы қастандық жасамақ болды деген айыппен Түркияда демалысқа шыққан 2 генералдың үстінен сот басталды.
Айыптаушылардың мәлімдеуінше, 2 генерал «Эргенекон» деп аталатын топты басқарып келді. Айыптаушылар әскери төңкеріске түрткі болу үшін осы топ тізбекті жарылыстар мен саяси кісі өлтіруді жоспарлады деп мәлімдейді.
Осы іс бойынша тергеу 2 жылға созылды. Сотқа 88 кісі, оның ішінде әскерилермен бірге журналистер, жазушылар және ғалымдар тартылып отыр.
Саяси оппозиция түрік үкіметін осы сот арқылы зайырлы мемлекеттік құрылымды қолдаушыларды қорқытпақшы деп айыптайды.