Жалған доллар жасаушылардың келесі соты тамызда өтеді

АҚШ-та жалған доллар жасап ұсталған екі қазақстандыққа қатысты келесі сот отырысы 31 тамыз күні өтеді. Массачусетс штатының Орлеан аймақтық соты істің барлық мән-жайын анықтап алғанша тергеуді ұзартуға шешім шығарды.

АҚШ-қа жаздық Work and Travel бағдарламасымен барған 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовский Массачусетс штатының Чатема қаласындағы жалға алып отырған пәтерлерінде 10-шілде күні қолға түскен, тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған. Жалпы сомасы 700 доллар көлеміндегі жалған ақша А4 форматты қағаздан қиылып жасалған.

Олар жалған ақша жасау мен пайдалану және ақша ажсауға арналған құрылығна ұстағаны үшін айыпталып отыр.