Жақында Лондоннан оралған үш қазақстандық оқушыға A/H1N1 тұмауы диагнозы қойылды, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.
Агенттіктің мәліметінше, Лондондағы оқуларынан Астанаға оралған 38 оқушының ішіндегі үшеуі қайтар кездерінде өздерін нашар сезінген, сараптама оларда «А» тұмауының вирусы барын анықтап, қорытындыны Алматыдағы республикалық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың арнайы зертханасына жіберген, мұнда оның A/H1N1 тұмауы екені анықталған.
Ұлыбританиядан келген оқушылар диагноздары анықталғанша үйлерінде жүрген, сол себепті қазір олардың ата-аналары да ауруханаға жатқызылған.