Ресейде тағы бір құқық қорғаушының мәйіті табылған

Бүгін Ресейлік адам құқын қорғаушы белсенді Андрей Кулагиннің мәйіті табылғаны туралы ақпарат шықты. Оның өлі денесі Карелия астанасынан 10 шақырым жерде табылған.

Мамырдың 14-де жоғалып кеткен Кулагин түрмелердегі жағдайды жазып жүрген. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, полиция оның мәйіті екенін растап отыр және Кулагиннің бұзақылық үшін қылмыстың істі болғанын айтты.

Бұл хабарлама өткен аптада Шешенстанда мәйіті табылған белгілі құқық қорғаушы белсенді Наталья Эстемированың өлімінен кейін айтылып отыр.