Шаңырақта 400-дей наразы жұрт жолды жауып тастады

Алматы маңындағы Шаңырақ елдімекенінде бейсенбі күні түстен кейін 3-4 үйдің бұзылғанына халық наразылық танытып, жолды жауып тастады.

Бала-шағасымен көшені басып қалған 400-дей шаңырақ тұрғындарын басу үшін 200-ге жуық қауіпсіздік күштері әкелінді. Алатау ауданының әкімі ашулы халықпен келіссөз өткізуге келді деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық радиосының тілшісі бейсенбі күні кешкісін.

Осыдан 3 жыл бұрын полиция күштерінің қолдауымен Шаңырақтағы заңсыз салынған баспаналар ауыр техникалармен қиратылғанда, халық пен полиция күштері арасында үлкен қақтығыс орын алып адам шығыны болған еді.