Байқоңырдан жүк кемесі ұшырылады

Бүгін, шілденің 24-де жергілікті уақытпен 16:57-де Байқоңырдан ресейлік «Прогресс М-67» жүк кемесі ғарышқа ұшырылады. Жүк кемесі орбитаға 2,5 тоннадан астам жүк, атап айтқанда азық-түлік, су, отын, және экипаж мүшелерінің отбасыларынан сәлемдемелер жеткізеді.

Қазір Халықаралық ғарыш стансасында ресейлік ғарышкерлер Геннадий Падалка мен Роман Романенко, американдық астронавтар Майкл Барратт пен Тимоти Копр, бельгиялық ғарышкер Франк де Винна мен канадалық Роберт Тирска жұмыс істеуде.