Гаага соты куәгерлердің атын жариялаған Воислав Шешелиге 15 ай берді

Бүгін Гаагада орналасқан Халықаралық қылмыстық трибуналы әсіре ұлтшыл серб жетекшісі Воислав Шешелиді өзінің кітабында қорғаудағы куәгерлердің атын жариялап қойды деген айыппен 15 ай түрмеге жапты.

Сот Шешели қорғаудағы үш куәгердің аты-жөні туралы мәліметті әдейі жарыққа шығарды деп тапты.

Шешелиге сонымен қатар соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыс айыптары бойынша тағы 15 айып тағылған.