Ауғанстанның шығысында шабуылдар орын алуда

Ауған ресмилерінің айтуынша, сенбі күні елдің шығысындағы Хост қаласында Талибан бүлікшілері үкімет ғимараттарына шабуылдаған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал Мохаммед Захир Азимидің мәлімдеуінше, шабуыл барысында 3 жанкешті кісі өз-өзін жарып жіберген.

Сейсенбі күні Гардез бен Жалалабад қалаларындағы шабуылдарда Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің 6 мүшесі мен 8 бүлікші қаза тапқан болатын.