Түркменстан Әзірбайжанды сотқа бермек

Түркменстан Каспий теңізіндегі мұнай мен газ қорларына қатысты дауға орай Әзірбайжанның үстінен Халықаралық арбитраж сотына шағым түсірмекші. Түркмен президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедовтың айтуынша, Түркменстанға қарасты жерлерде Әзірбайжан зерттеу жұмыстарын бастаған.