Пәкістанда 14 бүлікші өлтірілді

Пәкістан күштері елдің солтүстік батысында орын алған қақтығыста 14 Талибан бүлікшісін өлтіргендерін хабарлап отыр. Олардың төртеуі Суат жазығында өлтірілсе, қалғандары Бунер ауданындағы операцияда жойылған. Пәкістан үкіметінің Талибанға қарсы операциясы 10 аптаға созылды.