Ресей күштері Солтүстік Кавказда 8 бүлікшіні өлтірді

Ресей қауіпсіздік күштері жексенбі күні Шешенстанда 6 бүлікшіні, ал Ингушетияда 2 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады. Шешенстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Гоиты ауылындағы бір үйде жасырынып отырған әлгі содырлар оқ ата бастаған. Бұл оқиғада бүлікшілердің бәрі өлтіріліп, 5 сарбаз жарақат алған.

Ал бұл екі арада Ингушетия ішкі істер министрлігі екі бүлікшінің өлтірілгенін мәлімдеді.