Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев өткен аптадағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ресми түрде екінші мерзімге қайта сайланды. Сайлау ресмилерінің айтуынша, барлық дауыстар саналып біткен, нәтижесінде Бәкиевтің 76.12 пайыз дауыс жинағаны анықталған. Ал негізгі оппозициялық үміткер Алмазбек Атамбаев шамамен 8 пайыз дауысқа қол жеткізген.
Шілденің 23-і күнгі сайлаудың қорытындысын оппозиция қабылдамай отыр. Олар сәрсенбіден жалпыұлттық наразылық шараларын өткізуді жоспарлауда. Еуропа Одағы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы президент сайлауы демократиялық стандартқа сай келмеді деп мәлімдеді.