13 жыл іздеуде болған ресейлік жалған құжатпен Қазақстанда жүрген

Адам өлтіріп өз елінде 13 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік Қазақстанда жалған құжатпен айыбын өтеген.

1996 жылдың күзінде Алтай өлкесінің Мамонтов ауданындағы Крестьянка ауылында жергілікті тұрғындар мен Барнауылдан келген қонақтар арасында жанжал туындаған. Николай Вастьянов есімді жергілікті тұрғын жанжалдасушының біреуін атып өлтіріп, қашып кетіп оған іздеу жарияланған.

2008 жылдың аяғында оның тұрғылықты жері анықталған, ол жазасын жалған құжатпен Қазақстанда өтеген. Кім екендігі анықталған соң Николай Вастьянов Ресейге қайтарылған.

Мамонтов аудандық соты Николай Вастьяновты РФ Қылмыстық кодексінің 103-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша айыптап, 6 жыл жалпы режимде жазасын өтеуге үкім шығарды.