Мьянма оппозициясы басшысына қатысты сот шешімі жұмада шығады

Мьянма оппозициясының жетекшісі Аунг Сан Су Кьюға қатысты сот шешімі жұма күні жарияланады деп күтілуде. Үй қамауының шарттарын бұзды деп айыпталып отырған бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 5 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Ұлттық демократиялық лигасының жетекшісі Су Кью Янгонда 13 жыл бойы үй қамауында отыр. Бақылаушылардың айтуынша, Мьянма әскери билігі алдағы жылы өтетін сайлаулардың алдында Су Кьюды абақтыда ұстауды көздеуде.