Иран полициясы оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Муссавиді Теһранның оңтүстігіндегі қабірден кетуге мәжбүр етті. Өткен айдағы президент сайлауына байланысты наразылық шараларында қаза болғандарды еске алу үшін жүздеген адам бұл жерде жиналған болатын. Хабарларға қарағанда, полиция оларды таратып, бірнеше адамды тұтқындаған.
Иран оппозициясының жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты шерулерде қаза болған адамдардың қабіріне баруды жоспарлаған еді. Оның алдында Иран билігі құрбандарға байланысты аза тұту шарасына мұрсат бермеді. Маусымның 20-дағы шерулер барысында 10 адам қаза тапты.