Медведев Тәжікстанда электр станциясын ашты

Ресей президенті Дмитрий Медведев Тәжікстанда электр станциясының ашылуына қатысты. Сангтуда-1 су электр станциясының құрылысына Ресей 500 миллион доллар инвестициялаған болатын. Оның ашылуына сондай-ақ президент Имомали Рахмон қатысты.

Бейсенбі күні Медведев Ауғанстан мен оның көршілес елдеріндегі экономиканы күшейту үшін энергетика мен тасымалдауға қатысты жобаларды дамытуға шақырды. Ауғанстан, Пәкістан және Тәжікстан президенттерімен Душанбеде кездескен Медведев энергетика инфрақұрылымын дамыту өте маңызды деп мәлімдеді.