Премьер-министр Нури әл-Малики Ирақтың аутономиялық күрдтер аймағына барып, жер мен мұнайға байланысты даулы мәселелер жөнінде келіссөздер өткізуде. Оны Сулаймания әуе жайында Ирақ президенті этникалық күрд Жалал Талабани мен қызметінен кетіп жатқан премьер-министрдің орынбасары Бархам Салех және күрдтердің вице-президенті Косрат Расул қарсы алды. Бұл әл-Маликидің премьер-министр ретінде аймаққа жасап отырған алғашқы сапары.