Ингушетияда министрліктің қызметкерлері оққа ұшты

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 қызметкері Ингушетияда оққа ұшты. Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні белгісіз адамдар министрлік қызметкерлерінің көлігіне шабуылдаған.

Соңғы кездері Ингушетияда бүлікшілер белсенділік танытуда дейді ресмилер. Маусымның 22-і күні мәскеушіл Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров қастандық әрекетінен қатты жараланған болатын.