Қытай Қазақстанға тағы да миллиардтаған юань бермек

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында Қазақстанға Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы келмек, ал жақында олар «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінің басшылығымен кездеседі.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопиннің айтуынша, қытайлық компаниялар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, пайдалы қазбалар мен энергетика салаларын қаржыландыруға мүдделілік танытуда. Осы мақсатта тартылуы мүмкін инвестициялардың көлемі бірнеше миллиардтаған юань болмақ.

Дипломат қазіргі дағдарыс жағдайында Қытайдың көмегі көптеген елдерге қажет екендігін, бірақ бұл елдің шетелдік активтерді стратегиялық мүдде тұрғысынан қаржыландыратынын баса айтты. Сондай-ақ оның айтуынша, дағдарыс оларға жаңа мүмкіндіктер беруде.