Қазақстанның Бас консулдығы Нью-Йоркте ашылмақ

Нью-Йоркте Қазақстанның Бас консулдығы ашылады, — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Оның айтуынша, бұл туралы Жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 –шілде күні қол қойған.

«Бас консулдықтың ашылуы Қазақстанға сауда-экономикалық мүддесін шешу, инвестициялар тарту, Қазақстан мен Американың көпжақты ынтымақтастығын арттыруды көздейді», — деді ол.