"Мундирдің мәртебесі - бәрінен биік". «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің бауыры Ермек Жәкішев ҰҚК қызметкерлеріне арнаған ашық хатын осылай атапты.
«Офицер мырзалар! Қазақстанда соңғы уақытта сұмдық жағдайлар орын алуда. Құқықтық негіздер мен конституциялық принциптер өрескел бұзылуда. Тарихтың қойнауына кеткен сталиндік режим Қазақстан үшін күнделікті жағдайға айналуда. Және мұның бәріне, қаншалықты қасіретті болса да, ҰҚК кінәлі болып табылады.
Әрине, елдегі бей-берекетсіздік үшін сіздердің барлықтарыңызды кінәлаудан аулақпын. Сіздердің көпшілігіңіз үшін ел мүддесі деген жай сөз емес екенін білемін, бірақ соңғы уақытта сіздерді жұмысқа алынарда мемлекеттің қауіпсіздігін заңға сәйкес қорғау туралы берген анттарыңызды ұмытуға мәжбүрлеп отыр.
ҰҚК-нің қазіргі басшылығына сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз де, адамгершіліктеріңіз де керек емес, есесіне бұйрықтың екі етілмегені керек. Ойланыңыздаршы, осы бұйрықтар ылғи мемлекеттің мүддесін қорғауда ма? Мемлекетке жетекші банктердің күйрегені тиімді ме? Елдегі жетекші уран компаниясы қашан басшысыз қалды? Бұдан кім ұтты, әрине, мемлекет ұтысқа ие болған жоқ.
Мундирдің мәртебесін былғауға жол бермеңіздер, сіздер антты Шабдарбаевқа емес, Отандарыңыз бен халықтың алдында бердіңіздер», — делінген ашық хат мәтінінде.