Бейжің әуежайының бұрынғы бастығы өлім жазасына кесілді

Бейжің халықаралық әуежайын бақылайтын компанияның бұрынғы директорына шығарылған өлім жазасы іске асырылды. 60 жастағы Ли Пейнг шамамен 4 миллион доллар пара алды және қоғамдық қорлардың 12 миллион доллар қаржысын жымқырды деген айыптар бойынша ақпан айында айыпты деп танылған болатын.

Қытай билігі жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы жемқорлықпен күресіп келеді.