Ирақ үкіметі 3 АҚШ азаматына алаңдап отыр

Ирақ үкіметі ресми Теһраннан шекарадан өте берген сәтінде Иран билігі ұсталған 3 АҚШ азаматы туралы ақпарат беруін сұрады.
Ирақтың сыртқы істер министрі Хошияр Зебари бұл мәселені Иранның Бағдадтағы елшісімен талқылады. Әңгіменің толық мәтіні хабарланбады.
Таяуда Ирақтың солтүстігін саяхаттап жүрген АҚШ-тың 3 турисі байқамай Иран шекарасын бұзып өтіп, ұсталды. Содан бері олар туралы хабар жоқ.