Шешенстанның құқық қорғаушысын күйеуімен қоса өлтіріп кеткен

Бүгін Шешенстанның құқық қорғаушысы Зарема Садулаева мен оның күйеуін Грозныйға жақын жерде өлтіріп кеткені белгілі болды. Оларды кеше күндіз өздерін құқық қорғау органының өкілдеріміз деп таныстырған адамдар белгісіз бағытқа алып кеткен.

Зарема Садулаева «Спасем поколение» деп аталатын үкіметтік емес ұйымды басқарған. Бұл ұйым Шешенстандағы жауынгерлік ұрыстардан зардап шеккен жастар мен мүгедек балаларға көмек көрсетумен айналысқан.