Ауғанстанда поляк сарбазы мерт болды

Ауғанстанның шығысында поляк сарбазы қаза тапты. Польша қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, капитан Даниэль Амброзинскидің мәйіті Газни өлкесінің Ажиристан қаласында табылған. 32 жастағы Амброзински Ауғанстан-Польша күзетшілерінің мүшесі болды.

Сонымен 2002 жылдан бері Ауғанстанда құрбан болған поляк жауынгерлерінің саны 10-ға жетті.