НАСА Жерге қауіп төндіретін астероидтарды бақылай алмайды

Американың НАСА әуе ғарыш агенттігі қаржылық жетіспеушілікке байланысты ғарыштағы Жерге қауіп төндіретін астероидтарды бақылай алмайды.

Үкіметтің баяндамасында АҚШ Конгресінің осыдан 4 жыл бұрын ғарыш агенттігін бақылау жүргізуге міндеттегені, бірақ жаңа телескоп құрылысына қажетті қаржыны бөлмегені айтылған.

НАСА-ның мәліметінше, Күн жүйесінде Жерге едәуір қауіп туғызатын 20 мыңға жуық астероид пен комета бар екен.