Виктор Ющенко Дмитрий Медведевке аң-таң

Украина президенті Виктор Ющенко Ресей президенті Дмитрий Медведевтің өзіне сын айтқан ашық хатына көңілі қалғанын мәлімдеді.
Осы аптада Украина президентіне арнаған хатында Медведев В.Ющенконы НАТО-ға кіруге ұмтылуы арқылы Ресейге қарсы саясат жүргізеді және Ресеймен арадағы қарым-қатынасына нұқсан келтірді деп айыптады.
Оған өзінің интернет-сайтында қайтарған жауабында В.Ющенко екі елдің арасында айтарлықтай проблема барлығын мойындады. Бірақ Украина президенті ол проблемаға Ресейдің де жауапты екенін Медведевтің мойындамағанына аң-таң болады.