Чешен президенті «Мемориал» орталығын сотқа берді

Өзінің намысы мен ар-ұжданын және іскерлік беделін қорғау тталабымен Чешенстан президенті Рамзан Қадыровтың адамның құқын қорғайтын «Мемориал» орталығының басшысы Олег Орловтың үстінен берген шағымы бойынша Мәскеудің Тверь соты іске кірісті.
«Интерфакс» агенттігіне Қадыровтың адвокаты Андрей Красненков мәлімдегендей, шағымданушы жақ Орловтан адамның құқын қорғаушы Наталья Эстемированың өліміне чешен президентінің қатысы бар деген сөзін «Мемориал» орталығының ресми сайты арқылы теріске шығаруын талап етеді. Оған қоса чешен президенті өзіне моральдық шығын ретінде 10 миллион рубль өтемақы төлеу талабын қойып отыр.
Олег Орловтың өзі соттың алдында өзінің сөзі үшін жауап беруге әзір екенін мәлімдеді.