Ауған армиясы 38 талибанды өлтірдік деді

Ауған армиясының арнайы күштеріне халықаралық жасақтардың қолдау көрсеткен операциясында жұма күні 38-ден аса талибан өлтірілген.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі әскери крпустың қолбасшысы Шаир Мохаммад Зазаи францияның AFP агентігіне айтқанында, Урузган провинциясындағы қақтығыста 29 содыр өлтірілді деген.

Тағы екі жауынгер Пактика провинциясының Бармал ауданында өлген. Хост провинциясында жеті талибандықтың көзі жойылды.