Түркмен президенті елдегі зиярат орындары дайындалсын деді

Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің жоғары діни мекемесі - Муфтиатқа қажылыққа қатысты елдегі зиярат орындарын дайындауға нұсқау берді.

Бердімұхамедов бұл нұсқауын дінбасыларына жұма күні бере отырып, қасиетті Рамазан айы жақындап қалғанын ескерткен.

Дайындық жасалсын делінген орындардың ішінде 12-13-ші ғасырдағы "Нажметдин Кубра" кесенесі, жүкті әйелдер мен балаларға арналған "Парау-Бибі" мешіті, суфистер шахы, теолог, ақын әрі діндар болған Абу Сағыт Фазлалла бин Абулхаир Ахметтің үйі болған "Мене-Баба" мен 15-ші ғасырдағы "Саит Жемалетдин" мешіті аталды.