Пәкістандағы жарылыстан бірнеше адам опат болды

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласының сыртында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 6 адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні Чарсада ауданының Шабқадар отын станциясында бір жанкешті кісі жарылғыш заттарға толы көлікті жарып жіберген.

Әзірше бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.