Ресейдің жоғалып кеткен кемесі табылды

Осыдан шамамен 3 апта бұрын жоғалып кеткен Ресей сауда кемесі Жасыл мүйісі аралында табылды. Қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтың мәлімдеуінше, кеме экипажының 15 мүшесі аман-есен ресейлік әскери кемесіне жеткізілген.

Шілденің 28-і күні із-түссіз жоғалып кеткен бұл кеме туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет айтылмады.