Ирақта құрбан болғандар саны 85-ке жетті

Ирақ астанасындағы шабуылдардан құрбан болғандардың саны кемінде 85-ке жетті. Бағдадта қатарынан орын алған жарылыстардан сондай-ақ 300-ден аса адам жараланды.

Полицияның хабарлауынша, бұл шабуылдар Бағдадтың орталығындағы үкіметтік ғимараттардың жанында болған. Алғашқы жарылыс мұқият қорғалатын Жасыл аймақтағы Ирақ парламентінің алдында болып, ғимарат терезелерін сындырған. Екінші бомба Қаржы министрлігі жанындағы көлікте жарылып, бір көпірді қиратқан.